Жас мамандармен жүздесті

Бүгін ҚР Ұлттық сараптама орталығының Батыс Қазақстан облысындағы филиалында жас мамандармен кездесу өтті

 Қазіргі таңда жастардың жұмысқа орналасуы аса өзекті мәселе. Соның ішінде медициналық мамандықты игерген жас мамандарды  жұмыспен қамту ісі күн тәртібінен түспей келеді.

Жастарды жұмысқа тарту бағытында өткен кездесуге өңіріміздегі білікті мамандарды даярлайтын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан жоғарғы медициналық колледжінің түлектері қатысты.

Жастар жылы аясында жұмыспен қамту мәселесі жайында өңірлік сараптама орталығы филиалындағы бос орындар туралы сөз қозғалып, оларды жұмысқа шақыру мәселесі қозғалды. Болашақ мамандарды қолдау, жастарды жұмысқа тарту мәселесінде аталмыш орталық мамандары  әркез өз үлестерін қосып келеді.

Кездесу соңында Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалы директорның міндетін атқарушы Светлана Уалиева халықпен тығыз байланыста қызмет атқаратын медицина саласын игерген ақ халаттылар үшін зор сенім артылатынын жеткізді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *