Мүлік пен жер салығын біріктіру ұсынылды

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда көппәтерлі үйлердің меншік иелері үшін жер салығын жою және жеке тұлғалардан алынатын мүлік және жер салығын бір салыққа біріктіру ұсынылуда, дейді «PULS» танымдық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл жаңалықтың негізгі мақсаты – жеке тұлғалардың мүлік пен жер салығын төлеуін жеңілдету.

«Заң шығарушылар жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын салық салу нысаны, салық базасы, мөлшерлеме, есептеу және төлеу секілді салық элементтерін өзгертпей, біріктіруді ұсынып отыр. Екі салық бір төлеммен алынады. Мөлшерлеме бұрынғыдай, ештеңе қымбаттамайды, тек салық төлеу тәсілі қолайлырақ болмақ. Осы күнге дейін екі түрлі салық, түрлі есептеу әдістемесі, екі түбіртек салық төлеушіге қолайсыздық тудырып келді», — делінген ведомство хабарламасында.

Көппәтерлі тұрғын үйдің меншік иелеріне салынатын жер салығын мүлде жою көзделіп отыр. Мұндай болмашы салық үшін нысанның көптігі мен есептеудің қиындығы себепті әкімшілендіруге көп шығын кетеді екен.

Қазіргі уақытта құжат мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өткізілуде. Биыл күзде оны Парламентке енгізу жоспарланып жатыр. Құжаттың мәтіні министрліктің ресми сайтында және нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында жариялаған.

Нормаларды енгізудің жоспарланған мерзімі – 2020 жыл.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *