Білім гранты иегерлері анықталды

Бүгін елімізде білім грантының иегерлері анықталды. Бұл жаңалық«Егемен Қазақстан» , «Казахстанская правда» газеттерінің сайтында  жарияланды.

Білім беру бағдарламасындағы жаңа өзгерістерге сай 2019-2020 оқу жылына білім беру гранттарын түлектер білім беру бағдарламалары тобы бойынша таңдады.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 64 452 түлек қатысқан. Арнаулы орта оқу орынын бітіргендер үшін 3040 грант бөлінген. Сондай-ақ, жекелеген санатқа ( мүгедектер, жетім балалар, қазақ диаспорасы, ауылдық квота) жататын білім алушылар үшін  квоталар тағайындалған.

Биыл педагогика мен техникалық білім салаларына грант көп бөлінген.

Еске сала кетейік, көп балалы отбасыдан шыққан және атаулы көмек алатын талапкерлер үшін қосымша 5 мың грант берілмек. Бұл грантқа өтініш беру негізгі конкурстан кейін қабылданады. Өңіріңіздегі жергілікті атқару органдарына 5-10 тамыз аралығында барып, жоғарыда аталған грантқа өтініш беруге болады. Бұл білім грантының конкурсы 25 тамызға дейін тағайындалады.

Жоғарғы оқу орынында білім алушы грант иегерлері тізімін осы сілтемеге өтіп көре аласыз.

https://yadi.sk/d/tXVQnapBskcfhA

https://cloud.mail.ru/public/2ADx/4Dybufsew

«PULS» ақпарат

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *