Сырда туған сырбаз ақын

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша  2019 жыл таңдауы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдап алынды.

Аталмыш акция аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Әбділда Тәжібаевтің 110 жасқа толуына орай «Сырда туған сырбаз ақын» атты тағылымды кеш өтті. Акцияның мақсаты ­— ақын шығармашылығын жастарға насихаттау, рухани мұрамызды ұрпаққа жеткізу. Студенттер ақынның «Қыз бен солдат» атты драмалық қойылымын шебер сахналады. Кітапханашылар аяқсыз қалған шығарманың соңын білу үшін шығарманы оқу оқырмандарға жүктелді. Кеш барысында филология, мәдениет және өнер факультетінің студенттері ақынның өлеңдерін оқыды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *