Атақты спортшының қазақтандық жанкүйерінің батылдығы

Кеше Сигапурда өткен халықаралық чемпиондар кубогының кезекті ойынында қазақ баласы Криштиану Роналдумен кездесті, – деп хабарлайды «PULS» ақпараттық порталы «Жас өркен» порталына сілтеме жасап.

Бұл жолы Ювентус клубы Тоттенхэмге қарсы ойнады. Ойынның алпысыншы минутында гол соққан атақты ойыншы Криштиану Роналду жаттықтырушысының нұсқауымен қосалқы құрам отырған орындыққа жайғасқан. Осы сәтті пайдаланған жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, әйгілі футболшымен суретке түскен.

Кумирімен естелік суретке түскен қазақстандық Ахмади Ержанов есімді жанкүйер Ақтау қаласынан екен.  Ол футбол ойынын көруге әкесімен бірге барыпты және португалиялық ойыншы Криштиану Роналдуның жанкүйері боп шықты. 4 жастағы жеткіншектің бұл ісіне қуанған желі қолданушылары жылы лебіздерін арнап жатыр.

 «PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *