Әскерилер – балалармен бірге

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мерекелік шара ұйымдастырды.

Шараға жеке құрамның балалары ғана емес, «Адажио» би ансамблінің ұжымы мен ата-аналар қатысты. Мерекелік кеш барысында əртүрлі ойындар ойнатылды. Əр бүлдіршін өз отбасының мүшелерін қарындашпен қағаз бетіне түсіріп, өнерлерін көрсетті. Шараға белсене қатысқан балаларға басқарма бастығы атынан дипломдар табысталды.

Мерекенің сәнін келтірген ертегі кейіпкерлері кішкентайлардың көңілін көтерді. Балалар да, ата-аналар да бұл күні көңіл көтеріп, мəз болып қалды.

Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы барлық балаларды мерекелерімен құттықтайды Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан оларға көп көңіл бөлуіміз керек.

Басқарманың баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *