Бүгін Сарайшық көшесі, 55-үй маңындағы жаңа аллея тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі. Жоба қала әкімдігі мен «BATYS ALLIANCE» ЖШС арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында компанияның өз қаражатына жүзеге асқан болатын.

Аллеяның ашылуына қала әкімі Мұрат Байменов қатысып, бизнестің осындай бастамаларының қаланың дамуына қосар үлесінің маңызын атап өтті. Әкімнің ұсынысын бірден қолдаған компания тарапынан 20 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп, қысқа мерзім ішінде сапалы абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жаңадан салынған аллеяның негізгі нысандары:
• Workout аймағы – 91 ш.м;
• Балалар ойын алаңы – 114 ш.м, 8 түрлі ойын элементтері орнатылған;
• 6 дана көше тренажерлары;
• 20 жарық шамы, 12 орындық, 6 қоқыс жәшігі;
• 86 ш.м гүлзар және 16 дана арша (можжевельник) ағаштары отырғызылды;
• Тұрғындарға арналған 482 ш.м автотұрақ қарастырылған.
Алаңды жарықтандыру жұмыстарын «West NRG» ЖШС демеушілік ретінде атқарып шықты.
Ашылу шарасына жергілікті тұрғындар қатысып, жаңа демалыс аумағын абаттандыруға атсалысқан барлық азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Балалар қауіпсіз әрі заманауи ойын алаңында алғашқы ойындарын ойнап үлгерді.
Бұл жоба – қала мен бизнес ынтымақтастығының үлгілі нәтижесі.
