Академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың «Тайталас тағдыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі

26 қараша 2025 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың «Тайталас тағдыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны Ұлттық инженерлік академиясы ұйымдастырып, оған ғылыми қауымдастық өкілдері, зиялы қауым, мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Тұсаукесерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан Оразалин жүргізіп, еңбектің мазмұндық тереңдігі мен қоғам үшін өзектілігін атап өтті. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп оқып берді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауын вице-министр Талғат Ешенқұлов жеткізді. Сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Ақылбек Күрішбаев ғылыми қауымдастық атынан жылы лебізін білдірді.

«Тайталас тағдыр» кітабында автор тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерінде орын алған маңызды шешімдер мен тарихи оқиғаларды өз көзқарасы мен өмірлік тәжірибесі арқылы баяндайды. Мемлекеттік басқарудағы қиын да жауапты кезеңдер, ел дамуына ықпал еткен реформалар, қоғамның өзгеру бағыттары кітаптың негізгі арқауына айналған. Сонымен қатар, автор әр жылдары бірге қызмет еткен көрнекті тұлғалар туралы естеліктерімен бөлісіп, олардың елдік мүдде жолындағы еңбегіне тоқталады. Еңбекте қазақ ғылымының, инженерлік ойдың, білім беру саласының болашағы мен ұлттық құндылықтарды дамыту мәселелері жан-жақты талданады.

Іс-шара барысында сөз алған қатысушылар бұл кітаптың жас ұрпаққа, мемлекеттік қызметкерлерге, зерттеушілерге және инженерлік-техникалық сала мамандарына үлкен рухани және зияткерлік азық болатынын атап өтті. Туынды ел тарихының маңызды кезеңдерін өз көзімен көрген әрі сол үдерістердің бел ортасында жүрген тұлғаның терең ой толғамдарын қамтитын құнды еңбек ретінде бағаланды. Кітапта ұсынылған талдаулар мен пайымдар қазіргі Қазақстанның даму барысын жаңа қырынан түсінуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы «Тайталас тағдыр» кітабының жарық көруін ұлттық ғылыми және инженерлік қауымдастық үшін маңызды оқиға деп есептейді. Бұл еңбек еліміздің зияткерлік мұрасының бір бөлігі ретінде ғылыми ортаның да, қоғамның да назарында болады деп сенім білдіреді. Академия тұсаукесерге қатысқан барлық қонақтарға алғыс білдіре отырып, кітаптың кең таралып, жас буынға бағыт-бағдар болатын құнды дүние ретінде қызмет ететініне сенім артады.

26 ноября 2025 года в Национальной библиотеке Республики Казахстан состоялась презентация книги «Тайталас тағдыр» выдающегося государственного и общественного деятеля, Президента Национальной инженерной академии РК, академика, доктора технических наук, профессора Бақытжана Тұрсынұлы Жұмағұлова. Мероприятие, организованное Национальной инженерной академией при содействии Национальной библиотеки, собрало представителей научного сообщества, культурной элиты, государственных органов и высших учебных заведений страны.

Презентацию открыл лауреат Государственной премии РК Нұрлан Оразалин, отметивший глубокое содержательное наполнение книги и её актуальность для современного общества. Поздравление Председателя Сената Парламента РК Маулена Әшімбаева передал депутат Сената Нурторе Жүсіп. Также прозвучало поздравление Министра науки и высшего образования РК Саясата Нұрбека, которое озвучил вице-министр Талғат Ешенқұлов. От имени научного сообщества с тёплыми словами выступил Президент Национальной академии наук РК, академик Ақылбек Күрішбаев.

В книге «Тайталас тағдыр» автор рассказывает о важнейших этапах становления независимого Казахстана, делится личными наблюдениями, опытом и размышлениями о судьбоносных решениях, которые определяли государственный курс страны. Воспоминания о выдающихся личностях, с которыми автор работал на разных этапах своей деятельности, дополняются анализом процессов развития науки, образования, инженерного дела и общественно-политической сферы. Особое внимание уделено духовным и ценностным аспектам, роли инженерной мысли и научного сообщества в укреплении национального потенциала.

Выступающие подчеркнули, что труд Бақытжана Жұмағұлова представляет собой важный интеллектуальный источник, раскрывающий не только профессиональный путь автора, но и историю формирования современной государственности. Книга несёт в себе глубокий аналитический взгляд на ключевые реформы, общественные трансформации и развитие отечественной науки. По словам участников, произведение формирует преемственность поколений, укрепляет профессиональные ориентиры и служит вдохновляющим примером для управленцев, исследователей и инженерного корпуса страны.

Национальная инженерная академия Республики Казахстан отмечает, что издание «Тайталас тағдыр» займёт достойное место среди трудов, отражающих историческое и духовное развитие страны, и станет значимым ресурсом для научной, образовательной и профессиональной среды. Академия выражает благодарность всем участникам мероприятия и уверена, что книга получит широкое признание и станет важной частью интеллектуального наследия Казахстана.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *