Арайлым Вахишева – мамандығы бойынша педагог, ал болмысы бойынша – кәсіпкер. Бір күні ол оңай емес, бірақ тағдырлы шешім қабылдады – өзіне сеніп, беймәлімдікке қадам жасау. Бұл қадам жылдар өте келе әйел кәсіпкерлігінің, рухани мықтылықтың және өз ісіне сенудің шабыттандырарлық тарихына айналды.
Бұл оқиға Арайлым небәрі 23 жаста болғанда басталды. Ол кезде ол күйеуімен және бір жарым жастағы сәбиімен жалдамалы пәтерде тұрды. Тұрмыстық қиындықтар мен бастапқы капиталының болмауына қарамастан, ол өзінің білім беру орталығын ашуға бел буды. Көптеген адамдар: «Қазір ашудың қажеті не? Бұл қауіпті емес пе?» – деп күмәнданды. Бірақ Арайлым жалдамалы жұмыс – өзінің жолы емес екенін жүрегімен сезінді. Қоғамға пайдалы іс жасап, дамытуға, өзгертуге және құруға деген ішкі ұмтылыс қорқыныштан басым түсті.
Бюджетсіз, командасыз, бірақ идеясына деген зор сеніммен және жақындарының қолдауымен ол бәрін нөлден бастады. Тоғыз жыл бойы оның орталығы жалға алынған ғимараттарда жұмыс істеді. Бұл – сынақтарға толы, үздіксіз еңбек пен өзін-өзі дамытудың жолы болды.
Бір жыл бұрын маңызды оқиға орын алды — білім беру орталығы өз ғимаратына қол жеткізді. Мемлекеттік қолдаудың – «Біріңғай кешенді бағдарлама» және «Даму» қорының арқасында АО «Банк ЦентрКредит»-тен жылдық мөлшерлемесі 19,75% болатын несие алынды, оның 10,75%-ын қор субсидиялайды. Бұл ғимаратты сатып алу – жай ғана инвестициялық жетістік емес, сонымен қатар табандылықтың, қиындықтарды жеңу жолы, әрі еңбектің нәтижелі екендігінің дәлелі болды.
Бүгінде Арайлым Вахишеваның білім беру орталығы – жүздеген бала білім алатын тұрақты әрі сұранысқа ие жоба. Бұл – мықты команда, мінсіз бедел мен ата-аналардың сенімі. Арайлым барлық қиындықтарға қарамастан, бизнесті нөлден бастағанына және ешқашан кері шегінбегеніне мақтанышпен қарайды.
Алайда бұл – оның жеткен шегі емес, тек жаңа кезеңнің бастауы ғана. Алда – жаңа жобалар, кеңею және үлкен мақсаттар. Оның миссиясы өзгеріссіз: балаларға болашағын өзгертетін сапалы білім беру.
Арайлым Вахишева мемлекеттің қолдауымен және «Даму» қоры ұсынатын бағдарламалар арқылы бұдан да биік белестерге жетуге болатынына сенімді. Оның өмір жолы – жеке бастама, табандылық пен сенім, тұрақты әрі қоғамға пайда әкелетін бизнеске қалай айналатынының жарқын үлгісі.
Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы,Северо-Восток 2 ш.а., 28/1
Телефон: +7 775 461 70 36
instagram: @yesconsultingcenter