Мерекелік көңіл күйге толы кештер

Наурыз айы дәстүрлі мерекелерге толы болғаны белгілі. Қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің балалар аула клубтарының тәрбиеленушілері әр түрлі іс-шараларға белсене қатысып, өз шеберліктері мен таланттарының арқасында көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады.

Айталық, «Гүлдәурен» балалар аула клубында Халықаралық әйелдер күніне орай балалардың анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балалардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Жаһан даланы әлдилеген АНА»атты мерекелік шара өткізілді. Онда балалар ата-аналарына әсем әндерін сыйлады. Конфет ханшайымы ұйымдастырған ойындарға балалар аналарымен бірге қатысып, сұрақтарға жауап беріп, би биледі. Ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, тамаша көңіл күймен тарқасты

«Атамұра»балалар аула клубында Наурыз мерекесіне орай «Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды»атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Әдемі кеште«Мұрагер», «Домбыра дастан» ансамбльдері өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар әжелер бесікке салу рәсімін көрсетіп, шашу шашты. Мереке соңында дастархан жайылып, ұлттық ойындар ойнатылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне өскелең ұрпақтың құрметін қалыптастыру, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту,ұлттық дәстүріміз арқылы адамгершілікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында «Жұлдыз» балалар аула клубында «Салт- дәстүрім –қазынам» атты тәрбие сағаты өтті. Сонымен қатар «Бесік той», «Тұсау кесу», «Сүйінші», «Көрімдік», «Ат қою»сынды қазақтың салт- дәстүрлері туралы түсінік берілді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *