СҰЛТАНҒАЛИЕВ МАХАМБЕТ АМАНТАЙҰЛЫ — ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТЫНА ДЕПУТАТ РЕТІНДЕ ҮМІТКЕР

ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Сұлтанғалиев Махамбет Амантайұлы, 1981 жылы 27 қазанда Гурьев қаласында дүниеге келдім. 1992 жылдан бері Орал қаласында тұрамын. Білімім жоғары. Әскери академияны «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірдім, заңгермін. 20 жылдан астам ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет еттім.

Соңғы төрт жылда облыста баскетбол, аралас жекпе-жек сияқты спорт түрлерін дамытып, экология, қайырымдылық бағытында қоғамдық жұмыстармен айналысып келемін.

Партиялық қызмет аясында халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене араласамын. «Аманат» партиясы Батыс Қазақстан филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы қызметін атқарамын.

«Арман Орал» қайырымдылық қорының құрылтайшысы ретінде қайырымдылық шаралары аясында 200-ден астам отбасы азық-түлікпен қамтылды, 40 оқушы оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, сирек кездесетін «SMA» омыртқа бұлшықетінің атрофиясы (Шахмаров Эмир және Қанат Фатима) диагнозы бар балаларға көмек көрсетілді, облыстағы 5 мыңнан астам адам қатысқан ең ірі қайырымдылық жәрмеңкелері мен автофлешмобтардың бірін ұйымдастырдық.

Қаланы абаттандыру аясында командамен бірлесе отырып, 250-ден астам емен көшеттері, 100 пирамидалық терек отырғызылып, «Таза Орал» акциясы өткізілді. Перевалочная және Ханская тоғайлары қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Қала ормандарын үнемі патрульдеу жұмыстарына атты полицейлер тартылады. Орманды сақтау мақсатында ашық ауада демалу кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мен «BIGBRO» дарынды жастарды қолдау бағдарламасының негізін салушымын, өскелең ұрпақты музыкаға және шығармашылыққа баулу мақсатында «Орал бардтары» жобасы құрылып, нәтижесінде тұрақты негізде концерттер өткізіліп тұрады.

Қала мен облыс жастарын патриоттық тәрбиелеу және салауатты өмір салтымен таныстыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының аралас жекпе-жек академиясы мен баскетбол және стритбол академиясы құрылып, нәтижесінде 30-дан астам қалалық және облыстық жарыстар өткізілді. Батыс Қазақстан облысының қоян-қолтық ұрыс федерациясы ашылды. Федерацияның бас мақсаты — жастар әскери қолданбалы өнерге үйрету.

Мен Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жүзеге асырылып жатқан «Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы» облыстық қоғамдық ұйымының филиалын басқарамын.

Сонымен қатар,  кәсіби медиатор ретінде «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ филиалының жетекшісі ретінде, мемлекеттік органдар мен халық арасында келіссөздер жүргіземін.

Қазіргі таңда өңірімізде халықтың келісімі мен бірлігін нығайту мақсатындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келе жатқан Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары қызметін атқарудамын.

Құрметті жерлестер!

Мен де сіздер сияқты «Жаңа Қазақстан» құрғым келеді. Оны Зашаған, Балауыса, Болашақ, Бірлік шағын аудандарынан бастаймыз!

Мен өзімнің алдыма бірқатар міндеттер қойдым, оларды шешуге қалалық мәслихаттағы депутаттық қызметім бағытталады.

  1. Сіздермен бірлесе отырып, біздің Зашаған, Балауса, Болашақ, Бірлік шағын аудандарының даму бағдарламасын әзірлейміз:

— «Қауіпсіз жол» — мектеп оқушылары мен шағын аудан тұрғындарының мектептен және жұмыстан үйге дейінгі қауіпсіз қозғалысы үшін жарықтандырылған жаяу пешеход жолдары;

«Қолжетімді спорт және бос уақыт» — балалар мен ересектерге арналған спорт алаңдарын, ойын алаңдарын салу, балалар үйірмелері мен тіл курстары мен аула клубтарын ашу;

— «Бәйтерек» — шағын ауданды көгалдандыру мақсатында, үйіміздің алдына ағаш отырғызып, ықшам ауданымызды экологиялық жағынан таза ету мақсатында, жасыл желекке бөлеу қажет. Ол үшін қала әкімдігі арқылы ағаш көшеттеріне қаражат бөлеміз;

 — «Жолдар» — «Жол картасы» Жобасын қорғау аясында қала мәслихатының сессиясында жүзеге асырылатын ең күрделі, бірақ кезең-кезеңімен шешілетін мәселе.

«Үлкен 7» — Зачаганск қаласының тұрғыны ретінде мен толып жатқан №7 автобустың мәселесін білемін, депутат ретінде шешетін бірінші мәселе, казіргі автобусты үлкенірек автобусқа ауыстыру немесе рейсттерді көбейту туралы шешім қабылдаймыз. Сондай-ақ маршруттың соңғы аяқталуы сағат 21:00-ге дейін жасау, бұл жалпы тұрғындардың қараңғыда қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

     — «Асар» — ықшамауданның мәселелерін, тәулік бойы қаланың коммуналдық қызметтерін жедел шешу – су, жарық, қоқыс және қар тазалау, сонымен қатар «Зашаған» whatssup топтарын құру арқылы авариялық-құтқару қызметтерінің шұғыл әрекет етуі, «Болашақ», «Балауса», «Бірлік», мұнда біздің команда ақпаратты өңдеп, проблемалық мәселелерге жедел жауап береді.

«Халық қызметшісі» – Аудан, қала әкімшілігі құзіретіндегі мәселелер мен сауалдар туындаса, депутат ретінде мен үнемі байланыста боламын.

Бұл Зашағанда кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жобаларымның барлығы емес, олардың бірі – көп функционалды спортзал, мәдениет үйі немесе кинотеатр салу және балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге клуб ашу, алаңдар мен саябақ, аллеялар ашу!

Қоғамдық жұмыс ақылы емес Құрметті жерлестер, бірақ «Жаңа Қазақстанды» құру үшін мен жерлестерімнің мүддесін қорғауға, еңбек етуге дайынмын.

Мен де сіздер сияқты қолайлы инфрақұрылымы бар ыңғайлы және қауіпсіз қалада өмір сүргенімізді қалаймын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен сайлау учаскелеріне «Біздің шағын аудан» тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін барамын. «Жаңа Қазақстан» өзімізден басталады, біз өмір сүріп жатқан жердегі өзекті мәселелерді бірге шеше алатынымызға сенімдімін!

Республикалық бюджет қаражатынан төленді

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *