Алматыдан жүлдемен оралды

Наурыздың 19-24 күндері Алматыда өткен акробатикалық жолда және батутта секіруден жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында оралдық спортшылар жақсы ойын көрсетті.

Қазақстан Республикасының чемпионатына жеті командада 180-нен астам спортшы қатысты. Солардың арасында жаттықтырушы Т.Карабаевтың жетекшілігімен №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тəрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, батутта жеке секіруден А.Аманов, батутта ілеспе (синхронные) секіруден А.Жумакулов пен Т.Тынымов 2-орындарға ие болды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *