«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII Съезіне делегаттар сайланды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы онлайн формата өтті. Отырыс «NurOtan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өтті.

Күн тәртібінде 1 наурызда өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезіне Батыс Қазақстан облысынан делегаттар сайлау және Партияның ХХІ кезектен тыс съезінің құрылтай шешімдерін және қойылған міндеттері, елді жан-жақты жаңғырту мен жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ел Президентінің бағдарын мен партияның реформалануын түсіндіру мәселелері қаралды. Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұқаев Мұрат Рахметұлы алдағы съездің маңызы мен оған қатысатын өңір делегаттары туралы хабарлама жасады.

— Баршаңызға белгілі еліміздің Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ‘Қасіретті қаңтар»сабағы: Қоғам тұтастығы — тәуелсіздік кепілі атты үндеуінде еліміздің болашағы туралы, әр қазақстандық үшін маңызды шешім қабылдады. «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезі Қасым-Жомарт Тоқаевты Партия Төрағалығына сайлады.Қасым-Жомарт Тоқаев партияның жаңа көшбасшысы ретінде сөйлеген сөзінде партияны басқаруға ұсыныс жасағаны және қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, «Nur Otan» партиясына төрағалық ету аса жауапты жұмыс екенін атап өтті.Мемлекет басшысы қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет екеніне назар аударды. Азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеліп, әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқаруға тиіс. Соның ішінде партияның алатын орны ерекше. «Nur Otan» Қазақстанды нығайтуға бағытталған маңызды реформалардың бастауында болып, түрлі салада нақты жетістікке жетуімізге елеулі үлесін қосуда. Осыған сәйкес, Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланатын болады – деп атап өтті, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары.

Жиынды қорытындылай келе, кезектен тыс ХХІІ Съезға Батыс Қазақстан облысынан 20 делегат онлайн түрде қатысатын болады. Құрамына республикалық Саяси кеңестің мүшелерімен бірге облыстық, қалалық, аудандық филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары кірді.

Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *