Жаңа бағыттағы жаңа орталық

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығы және «Қайырымдылық айлығы» аясында Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығы аудандық мәдениет үйі, «Шың» сазды-драма театрының ұйымдастыруымен аудан орталығы Переметный ауылы аудандық мәдениет үйінде «Ризашылық» мүмкіндігі шектеулі өнерлі жандар клубы ашылды.

 Мәдениет үйінің фойесінде 18 аудандық округінен келген өнерлі жандарды халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблі әсем әуенмен қарсы алып, ұлттық киім киген қыздар ақ және бауырсақ таратты. Содан соң «Ризашылық» клубының лентасын құрметі көшімдік ақсақал Альжанов Бисенғали ағамыз бен ең жас клуб мүшесі белестік Әділгерей Ідіріс қиды.

 Мерекелік шара дөңгелек үстелден басталып, Бәйтерек мәдени-демалыс орталығының көркемдік жетекшісі С.Саяпин және әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А. Намазова сөз алып, ерекше жандарға өздерінің ыстық ықыласымен жылы лебіздерін білдірді.

Өнерлі жандар клуб қызметімен танысып,бір ауыздан  белестік әнші Назерке Утепкалиеваны клуб төрайымы етіп сайлады.

Клуб төрайымыы ашылған клуб мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамның тең мүшесі етіп, заман ағымына ілесуіне үлкен септігін тигізетініне толықтай сенімін білдірді.

 Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі талантты жандардың өмірге ынтасын арттыру, оларға қолдау көрсету және өнерлерін шыңдап, шығармашылық дамуына қолдау жасау мақсатында ашылған клуб құрамында –18 адам. Бірі ән айтып, аспапта ойнаса, енді бірі мәнерлеп өлең оқу шебері. Жасаған қолөнер бұйымдарымен салған суреттері де көздің жауын алады. Қатысушылардың барлығы талабы таудай талантты жандар. Әрі қарай шара мерекелік дастархан  және өнерлі жандардың концертіне ұласты. Ал шараның екінші бөлімін Орал қаласынан келген облыстық «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпанкулова ашты.

Ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Шара соңында барлық өнерлі жандарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Өз тілішіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *