Денсаулық сақтау мәселелері қашанда назарда

2021 жылдың 23 қыркүйегінде «Nur Otan»партиясыБҚОФ жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелеріжөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. 

Online-ZOOM форматында өткен отырысқа Қоғамдықкеңестің мүшелері, облыстық еңбек, әлеуметтікқорғау және көші-қон департаментінің, жұмыспенқамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларбасқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, облыстың медициналық ұйымдарының өкілдеріқатысты. Облыс мүгедектеріне оңалту көмегінкөрсету бойынша жағдайы, облыс бойынша «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламаларынорындау бойынша Жол картасын іске асыру барысы, денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері бойыншаоблыс халқының денсаулық жағдайы туралымәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша мүгедектерді оңалту мәселелеріндегі проблемалардыанықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру туралышешім қабылданды, партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау объектілері құрылысының іске асырылу барысы партиялық бақылауға алынатын болады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *