Оралда тазалық айлығы басталды

Орал қаласы аумағын санитарлық тазалау, туған жеріміздің табиғатын өз қалпында сақтау мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте бірқатар аумақтар тазартылды.


Сенбілікке қала бойынша жалпы саны 2000-нан аса адам қатысты. Жұмысқа барлығы 15 техника жұмылдырылып, қала аумағынан 100-ден аса текше метр күл-қоқыс шығарылды.
Санитарлық тазалық сақтау мақсатында сенбілік жүргізу қажеттігі жөнінде кіші және орта кәсіпкерлік субьектілеріне 300 дана хабарлама таратылды.Мұндай сенбіліктер бір айы бойы жалғасатын болады.


Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *