Жастарды жаңылу мен зиянды әрекеттен аулақ болуға шақырды

Жастық шақ — талай албырт қылық пен қате қадамдардың қоғамда көрініс табар уақыты.»Сақтықта қорлық жоғы» әмбеге аян. Кетеуі кетер тірліктің сүріндірмеуін ниет еткен Орал қалалық жастар ресурстық орталығы мамандары қоғамда жастар арасында орын алған көріксіз көріністердің алдын алмаққа ақпарат жұмыстарын өткізді.

Мамандар алғашқы кездесуді жоғары агро-техникалық колледж студенттерімен өткізді.

Орталықтың теолог маманы Әсет Раманқұлов студенттерді қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы турасында ақпараттармен таныстырды.

Қоғамдағы күрмеулі мәселенің бірі есірткінің алдын алу жөнінде қаламыздағы Полиция депаотаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция подполковнигі Берік Аманғалиұлы студенттерге қажетті ақпараттарды түсіндіріп, жаман әдет пен зиянды әрекеттен аулақ болуға шақырды.

Сымбат Қыпшақбай,

Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығының

«Мониторинг және ақпараттық талдау» бөлімінің басшысы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *