«Тіл – асыл мұра»


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде осындай атаумен Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай апталық өтті. 

Университеттің «Тілдерді дамыту орталығы» ұйымдастырған іс-шара тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, маңыздылығын сезіндіру, ана тіліндамытуға өз үлестерін қосу керектігін ұғындырумақсатын көздеді. Алдымен жазбаша жұмыс ретінде шығарма сайысы өткізіліп, қорытындысы бойынша білім алушылар Джамилия Рамазанова, Дарина Қалиева, Айжан Амангельдина жүлделі орындарға ие болды. Бұдан әрі тілдер апталығы «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты зияткерлік ойынымен жалғасты. Сонымен қатар І курс студенттері арасында «Zhangir khan polyglots» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Сайыс ережесіне сәйкес білім алушылардың үш тілдімеңгеру қабілеттеріне баса назар аударылды.  Қатысушылар барлық кезеңге белсенді қатысып, тапсырмаларды ойдағыдай орындады. 

Апталық қорытындысында іс-шараларға белсене қатысқан студенттер марапатталды. 

БҚАТУ медиа-орталығы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *