Оқуға құштар мектеп


Сырым ауданында 22 білім беру мекемесі бар. Бұл мектептерде 3014 оқушы білім алуда. Аталған 22 мектептің 19-да кітапхана бар, яғни 86 пайызды құрайды. Аудан бойынша негізгі қор 138886, оқулықтар саны 77639. Кітапханадағы оқырмандар саны 4198, келушілер саны 49576, 1 оқушыға келетін көркем әдебиет саны 3.

 Білім беру мекемелерінде жүргізіліп отырған «Оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты:

— Оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту;

— Оқушылар, педагогтер, ата-аналардың оқу мәдениетін, оқу сауаттылығын, оқу белсенділігін арттыру;

-Жас ұрпақ бойында елжандылықты, ұлттық құндылықтарды, азаматтық, рухани–адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

Міндеттері:        

           — оқушының оқуға құштарлығын арттыру;

           — ата-аналарды балаларының кітап оқуға белсенділігін қолдауға тарту, оларға отбасылық бос уақытты кітап оқу ортасына айналдырып, рухани қарым-қатынас жасауға көмек көрсету; 

           — отбасылық кітап оқу дәстүрлерін жандандыру.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша аудандық жоспар жасақталып, мектептерге таратылды. 19 мектепте бұрыштар жасақталып, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша Сырым мектеп-лицейі, Абай ОМББК, Бұлан ОМББК, Талдыбұлақ ОМББК, Аралтөбе ОМ, Қособа ОМББК-і стенд жасатты.

«Оқуға құштар мектеп» жобасындағы 6 бағыт бойынша мектептерде жоспарға сай, іс-шаралар өтуде:

1. Бастауыш сынып оқулары үшін «Әженің ертегілері» 188 шара өтіп, 1644 оқушы қатысты.

2.  «Өзің оқып,өзгеге ұсын» READx book жобасы бойынша 84 шара өтіп, 507 оқушы қатысты.

3. «Кітаппен өткен демалыс күндері қызық» атты кітап оқу марафоны бойынша 51 шара өтіп, 275 оқушы қатысты.

4. «20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз» кітап оқу ақциясы бойынша 192 шара өтіп,  756 оқушы қатысты.

5. «Оқы және өзгеге сыйла» Bookcrossing акциясы 73 рет ұйымдастырылып, 387 оқушы қатысты

6. «Бір отбасы- бір кітап» кітап оқу акциясы 71 шара өтіп, 352 оқушы қатысты.

Мектеп кітапханашылары аудандық 3 жоба бойынша жұмыстанып жатыр:        1. Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері,  ақын, қазақ әдебиетінің ірі өкілі жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі өлеңдерін насихаттау, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектептер арасында #ҚазақтыңТарланыҚадырақын челлендж  наурыз айынан бастап жүріп жатыр

2. «Мектепке Кітап сыйла» акциясы жүріп жатыр

 3.«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша инста байқауы жүріп жатыр.#Әженіңертегілері,#Еркіноқукеңістігі, #Кітапоқуарқылыөзінөзідамыту, #Отбасылықоқудыңдәстүрлері, #Оқууакыты хэштегтері бойынша мектеп кітапханашылары бейнероликтер жариялап, оқу жылының аяғында мектептер арасында рейтинг жүргізіліп, I, II, III дәрежелі дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады.

ЖББ Абай ОМББК 2019-2020 оқу жылынан бастап «Досым оқыған кітап» атты жобасы жүргізіліп, жұмыстануда.

Мақсаты : Оқушылардың кітап оқу дағдыларын жетілдіру

Бос уақытында пайдалы іспен айналысуға ықпал ету, оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

«Досым оқыған кітап» атты жобасының алгортмі жасақталып, срның негізінде  жобаның бір жылғы нәтижесі қорытындыланған болатын.

Жобаны бастаған 1 сыныптан 1 оқушы

Бір тоқсанда  1 сыныптан 7 оқушы

Жарты жылдықта 1-2 сыныптан 18 оқушы

Оқу жылы соңында 1-4 сыныптан 34 оқушы

Бұл жоба қазіргі таңда 4 сынып пен 7 сынып оқушыларының арасында жүргізілуде.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кешенді шаралар көзделіп отыр. Мектеп кітапханашылары ноутбук, компьютермен камтылды. ЖББ Қ.Мырзалиев ат.ОМ уайвай желісі орнатылған.

2020-2021 оқу жылында мектеп кітапханаларына 1 млн 300 мың теңгеге стилаждар алынды. Келесі оқу жылында да жиһаздармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Сырым ауданының білім беру бөлімі аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Сисенбаева

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *