Ақжайық ауданына бас имам тағайындалды


Орал орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек Жанұзақұлы Ақжайық ауданына арнайы ат басын бұрып, өңір жамағатына жаңа бас имамды таныстырды.

   ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Ақжайық ауданына Тұрсынғали Құжапов бас имам болып тағайындалды. Ерденбек Жанұзақұлы бұған дейін аудан имамы қызметін атқарған Ерлан Әйтеновке алғыс білдіріп, оның Бөрлі аудандық мешітініне имам болып тағайындалғанын жеткізді. Тұрсынғали Төлеуғалиұлы   16 жылдан астам жылың  имандылыққа  арнаған мықты имам.

                                            Өмірдерек

Тұрсынғали Төлеуғалиұлы 1982  жылы 18 қарашада  БҚО,  Жаңақала ауданы, Қырқопа ауылында дүниеге келді.

2001 жылы қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Орал қалалық медресесінде білім алды.

2004 жылы қазан айынан бастап, 2006 жылдың мамыр айына дейін «Орал қалалық мешітінде» кезекші молда болып жұмыс жасады.

2007-2012 жылдары Жаңақала аудандық мешітінде имамдық қызмет атқарды.

2013-2017 жылдары Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылдық «Зейнел ана» мешітінде имамдық қызмет атқарды.

2014 жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында 2 ай білімін жетілдірді.

2017 жылы ақпан айынан бастап 2018 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Тайпақ ауылдық мешітінде имамдық қызмет атқарды.

2017 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында 2 ай білімін жетілдірді.

2015-2018 жылдар аралығында Ақтөбе медресе колледжінде «Исламтану» мамандығы бойынша оқыған.

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораздың 2018 жылдың 7 қыркүйектегі № 2002 бұйрығымен БҚО, Ақжайық ауданы Ілбішін ауылдық «Зейнел ана» мешітінде қызмет етуде.

Үйленген. 

ҚМДБ-ның  БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *