Облыстың көлік тасымалаушылары назарына — 23 наурыздаң бастап шектеу енгізіледі!

 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №162 бұйрығымен ағымдағы жылдың 23 наурыздан бастап 1 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру кезінде жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде шектеу енгізіледі.

Автокөлік құралдарының жалпы рұқсат етілетін массасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №342 бұйрығымен бекітілген, автокөлік құралдарының рұқсат етілетін жалпы массасынан 20%-ға төмендету арқылы айқындалады.

Келесі автокөлік құралдарына шектеулер қолданылмайды:

1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халық аралық тасымалдарын жүзеге асыратын;

2) төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;

3) зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын;

4) азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;

5) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;

6) дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын;

7) мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі қолданыстағы жабындар бойынша жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;

8) қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.

«БҚО көліктік бақылау инспекциясы» РММ

Анықтама телефоны 50-95-35.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *