Сауда үйінен күрте ұрлаған

2021 жылдың 10 наурызы күні сағат 14.50 шамасында белгісіз тұлға «Азия Молл» сауда үйінде киім сауда бутигінен қалың күртеше ұрлаған. Дүкен иесіне 18 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген. «Ірі сауда үйінде ұрлық орын алды» — деген жедел мәлімет ретімен оқиға орнына барған басқарманың кәсіби шеберлігі, епті жедел уәкілдері 1983 жылғы М.есімді азаматты ізін суытпай құрықтады. Полиция қызметкерлері бұл күдіктінің бұған дейінде бірнеше рет ұрлықққа жол беріп, бірнеше ұрлық деректерін қала ішіндегі ірі сауда үйлерінде жасағанын анықтады. Өзге қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *