БҚО-да мектеп кітапханасында коворкинг орталығы жұмыс жасауда



Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-лицейінінің кітапханасы заманауи құрылғылармен жабдықталып, коворкинг орталығы жұмыс жасауда.

«Коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді. Кітапхана бірнеше алаңға бөлінген: ойын, білім, ғаламтор, өлкетану және кітап оқу.

Ойын алаңы қажетті құралдармен жабдықталған. Білім бөлімінде керекті ақпараттарды таба алады, кітапхана қоры ғылыми- танымдық әдебиеттермен, анықтамалықтар, қазақ және әлем әдебиетінің көркем шығармаларымен толықтырылған.

Білім бөлімінен оқушылар ой-өрісін, қызығушылығын дамытуға арналған әдебиеттерді таба алады.

Ғаламтор бөлімі компью¬терлермен жабдықталып, ға¬лам¬тор желісіне қосылған. Ғаламтор бөлімінде әлем бойынша жаңалықтарды біліп, ой-өрісін кеңейтеді, ғылыми жобаларға, олимпиада, жарыстарға қажетті қосымша ақпаратты қолдануға толық мүмкіндік жасалған. Wi-Fi аймағы ұйымдастырылып, вебинарлар өткізіліп тұрады, электронды деректер қоры құрылуда.

Еуропалық кітап оқу тәжірибесінен алынған кітап оқу алаңында балалар жұмсақ дивандарға отырып, кітап оқиды, демалады, оқыған кітаптары бойынша өз ойларымен бөліседі, талдайды.

«TASQALA» өлкетану алаңы «Әдеби Ақжайыққа» арналған. Жайық қаламгерлерінің өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру мақсатында жабдықталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *