Күй анасына құрмет


  Күй қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол бастан кешіп отырған өмірдің мән маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Өткенімізден өлмес қасиеттей қанымызға сінген күй бүгін де қазақ баласы сайын сахарада әуелетіп жүр.

   Орал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №16 кітапхана-филиалында күй атасы Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі, қарапайым қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш домбырашы – композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына арналған «Ұлт мақтанышы» атты күй кеші өтті.

   «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» деп ақын жырлағандай кешіміздің басы Ұлы күйші Дина анамыздың өмір тарихы мен күйлерінен мағлұмат берілді. Кешке кітапханамыздың тұрақты оқырмандары зейнеткер аналарымыз Айжан Муханбеталиева, Салтанат Уналова, Бақытжамал Сарсенбаева және оқушылар қатысты. Кеште Дина анамыздың күйлеріне кезек берілді. Әжеміздің ең әсем сазды құдіретті күйлері өзін дүниеге әкеліп қалыптастырған көшпелілер қоғамының аясында туды. «Тойбастар» күйі Қазақстанның ел болып қайта құрылуының 20- жылдығына арнап шығарды. Ұлы Отан соғысты басталғанда халықты майданға шақыра тартқан «Ана бұйрығы», «Майдандағы ұлыма», сол соғыстың жеңіспен аяқталуына орай шығарған «Жеңіс» сияқты күйлері кезек–кезек шыға бастады.

   Муханбеталиева Айжан апамыздың орындауында «Тойбастар» күйі тыңдалды. Шарада сонымен қатар «Ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі шығарылды. Кітап көрмеден С.Бақбергеновтың «Қайран шешем» романынан ауызша мағлұматтар берілді. Кешіміздің соңы ұлы күйші Құрманғазы атамыздың Дина әжемізге айтқан аманат сөзімен аяқталды. «Мұрагерім бол, өсер ұрпаққа жеткіз күйлерімді, өсіре бер, асыра бер өнеріңді! Мүмкін бұдан былай көрсе де кездесе де алмаспыз. Көп үмітімді жетемін деп жете алмай, көремін деп көре алмай, аспандағы айға қол созғандай асқақ туып, бірақ нысаналы жеріне іліге алмай қалған аз арманымды өзіңе тастап кеттім. Домбыраммен қоса күйім қалды қолыңда, демек үнім қалды, сол үнде менің арманым бар, үмітім бар, жан дауысым бар, ең алдымен осыны ұқ, ұрпаққа осыны айтып, осыны жеткіз!» деген екен. Олай болса бүгін Дина әжеміздің шығармашылығымен танысып үлкен әсер алдық. Әжеміздің құдіретті күйлері, асыл қазына ретінде кейінгі ұрпаққа сақтала береді және есімі жүрегімізде сақталады.

Орталықтандырылған кітапханалар

жүйесінің №16 кітапхана

филиалының кітапханашысы

Адаялиева Ж.Т.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *