Қарулы күштерінде заңдылық пен тәртіпті қадағалайтын, құзырлы орган – әскери прокуратура

Еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелдігін және тыныштығын күзететін әскери қызметшілер болса, әскери тәртіп пен олардың құқықбұзушылық салдарын алдын алу барысындағы шараларды жіті бақылайтын құзырлы орган – әскери прокуратура.
Бұл ретте, Орал әскери прокуратура қызметкерлері Орал гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен өзге де құрылымдарда заңның орындалуын жіті қадағалайды.
Өткен 2020 жылда Орал гарнизонында заңдылықты қадағалау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Осынау қадағалау жұмысы барысында ең басты назар қылмыстық процесстің заңдылығы мен мемлекеттің мүддесін, әскерилердің және олардың жанұя мүшелерінің құқықтары мен денсаулығының қорғалуына аса назар аударылды.
Сондай-ақ, қылмыстылықты алдын алуға бағытталған Бас әскери прокуратураның бастамасымен қабылданған бағдарламалар аясында Орал гарнизонында мерзімді әскери қызметшілер арасында қаза болу және өзіне қолсалу фактілеріне болдырмауға және заңбұзушылықты қысқартуға үлесін тигізді, ал әскери қылмыстар мүлдем орын алмады.
Әсіресе, заңбұзушылықты алдын алуға «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламалар және «Прокурор сағаты» жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың орны ерекше.Сонымен қатар, қылмыстық процессуалдық кодекстің 200 бабы негізінде енгізілген ұсынуларды қарауға прокурорлардың міндетті түрде қатысуы құқықбұзушылық пен қылмыстардың алды алуға өте үлкен септігін тигізді.
Қадағалаудағы әскери құқық қорғау органдары электронды қылмыстық істер жүргізуге арналған құралдармен жабдықталмағанына қарамастан, осы өткен мерзімде Қазақстан Республикасаның Ұлттық Ұлан әскери полициясымен 3 қылмыстық іс электронды форматта тергелді.
Жалпы, айтқанда қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілмеді.
Қазіргі кезде, әлемдегі короновирус індетіне қатысты шектеулерге байланысты әскери бөлімдерде тексерулер толықтай жүргізілмей жатыр.Өкінішке орай, соның нәтижесінде заңбұзушылықтарды анықтау және мемлекетке келтірілген зиянды анықтау мен кері қайтаруға толық мүмкіншілік болмағаны баршамызға мәлім.
Алайда, биыл жыл басында қоғамдық мүддені қорғаудағы қадағалауды жүргізу барысында екі тексеріс басталып, оның біреуі аяқталып, ал екіншесі короновирус індетіне байланысты шектеумен тоқтатылды.Сонымен қатар, талдаулар жүргізіліп, нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталып, ол бойынша мемлекетке бір жарым миллионнан көп тенге өндірілді, тәртіптіке жауапкершіліке он тоғыз тұлға тартылды.
Иә, бүгінгі таңда коронавируспен бір ел, бір халық болып барлық қазақстандықтар күресіп жатыр. Осы орайда, әскерилер және олардын жанұя мүшелерінің короновирус індетін алдын алу барысында Орал гарнизонда игілі көмек көрсету шаралары өткізілуде. Соның ішінде облыс Әкіміне жолдаған хаттын негізінде Орал гарнизонның әскери бөлімдер мен мекемелеріне төрт мыңнан астам медициналық маскалар, бір мың медициналық қолқаптар және елу қорғанатын костюмдер бөлінді.
Ал, төтенше жағдайында іс-сапармен көмекке келген Қазақстан Республикасның Қорғаныс министрлігінің 32363 әскери бөлімінің (Қапшағай) әскери қызметшілерінің тамақтануы, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге он бес миллионнан көп қаражат бөлінді.
Сондай-ақ, күн сайын Орал шаһарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының 5517 әскери бөлімнің 100-ден аса әскери қызметшісі тартылған.
КОВИД-19 пандемиясы кезеңінде Орал қаласында жедел ақпарат жеткізу және ел мен облыс басшылығының карантинді сақтау жөніндегі талаптарын түсіндіру мақсатында дыбыс тарату машиналары іске қосылды.
Өкінішке орай, әскери қызметкелер заңды бұзып сот алдында жауап бергендерде бар. Әскери сотта екі әскери қызметшілер айыпталып, екеуі бойыншада айыптау үкімдері шығарылды.
Әскери қызметшілердің және мемлекеттің мүддесін қорғау барысында азаматтық істер бойынша міндетті түрдегі істерге жүз пайыз прокурордың қатысуы қамтамасыз етілді.
Өткен жылда қадағалаудағы әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілермен әскери салада 5- әкімшілік құқық бұзушылықтар орын алып, олар бойынша кінәлілер жауапкершіліке тартылды.
Орал гарнизонының прокуратурасында күнделікті қызмет барысында әскерилер және олардың жанұясы мүшелерінің, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға аса маңыз бөлінеді. Азаматтардың жүгінулерді қарау барысында жанжақты тексеріледі. Індетке қатысты сақтық амалдарын жүгізе отырып Орал гарнизонының прокуратурасында жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау жұмысы жүргізілді. Осы жылда жеке қабылдауда үш тұлға болса, оның екеуі әскери прокурордың өзі қабылдаған.
Алдағы уақытта шешілуі қажет мәселелерде бар, ол Шекара қызметінде штат құрамы бойынша толықтыру жұмысы жүргізілуде. Қадағалаудағы әскери құқыққорғау органдары электронды қылмыстық істерді тергеуге арналған арнайы құралдармен қаматамасыз ету жұмысы жүргізіледі.
Сөз соңында айтарым, Қазақстан Республикасының Президентінің алдымызға қойған талаптарын, Бас прокурордың және Бас әскери прокурордың тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға Орал гарнизоны әскери прокуратурасының ұжымы сақадай сай екенін мәлімдегім келеді.

Алтынбай Раев,

Орал гарнизонының әскери прокуроры , әділет полковнигі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *