Жеті рет ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Кеше Орал қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қазан айынан осы күнге дейін ұрлыққа жол берген күдіктіні құрықтады, — деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Жеті рет ұрлық жасаған күдіктінің жеке бас деректері анықталып, бұған дейінгі қылмыстық істері жауапқа тартылып, заң алдында жауапталғаны анықталды. Күдікті 1982 жылы туған, еш жерде жұмыс жасамайтын, «Строитель» ықшам ауданының С.есімді тұрғыны кезекті ұрлық үстінде ұсталды. Нақтырақ айтсақ, 4 қарашада күндізгі сағат 10.00 мен 15.00 аралығында «Солтүстік- Шығыс» ауданындағы көп қабатты жәйлі пәтерлі үй жертөлесінің есігін бұзып кірген. Жертөледен 1987 жылғы М. есімді азаматқа тиесілі «Кордиан Сноу Кросс-2» маркалы су жаңа 4 қысқы тікенекті дөңгелектерді ұрлаған. Дөңгелектердің иесіне 65 мың теңге материалдық шығын келді. Күдікті бұл дөңгелектерді өзгеге сатып үлгерген. Сатып алған адамда басқармаға жеткізіліп, түсініктеме берді. Дөңгелектерді ұрлаумен қоса, аңшылық пен балық аулауға қажетті құралдарды үптеп отырған. Полиция қызметкерлерінің алдына келген күдікті ұрлаған жеке мүліктердің көпшілігін сатып, ақшаны өз қажеттеріне жаратқанын айтты. Заттардың кейбірі ғана біртіндеп өз иелеріне қайтарылуда.
Бүгінгі күні Орал қалалық ПБ-да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сай 7 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *