Сіріңке – бір өмірдің құны

Қазіргі төтенше жағдай кезінде мектеп жасындағы балалардың үйде–карантинде болуына байланысты олардың қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу қажет.

Осыған орай Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Көкшетау техникалық институтының курсанты, кәсіби тәжірибеден өтуші А.Ниязовтың қатысуымен «Сіріңке – бір өмірдің құны» айлығы аясында ZOOM онлайн платформасы арқылы оқушылармен алдын алу сабақтары өткізілуде.

Балаларға үйде жалғыз қалғанда отпен ойнамауға кеңес беріп, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып беріңіз. Сіріңке баланың қолы жете бермейтін орындарда сақталғаны дұрыс. Мейілінше электр құралдары токтан ажыратылып, газ плитасының сөніп тұрғанын ұдайы қадағалаңыз. Бұдан басқа үйдегі терезелердің жабық тұрғанын қадағалаған маңызды.
Балалардың отпен ойнауын және өрт кезінде балалардың қаза болуын болдырмау үшін, үлкендер балаларға мұқият болулары қажет, әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге және нақты заттарға көңіл бөлу қажет, егерде сіздің балаңыз отқа қызығушылық білдірсе, сіріңке немесе тұтатқышпен ойнаса, үлкендер балаларға бұл қызығушылық қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру қажет.

Балалар отпен ойнауын болдырмау үшін не істеу қажет:

— сіріңке және оттықты қолжетімсіз және сенімді жерде сақтаңыздар, балалар жоғарыға мініп алу керек болса да, оларды алудың жолын табады;

— баланы үйретіңіз, от – ол ОЙЫНШЫҚ емес екендігін, жылыту және тамақ дайындау құралы екендігін және осы құралмен үлкендер жауапкершілікпен және қауіпсіздік шараларын сақтай отыра, қолданулары тиіс екендігін;

— кішкентай балаларға тауып алған сіріңке немесе оттықтарды сізге беруін үйретіңіз, оларды жауапкершілік сезімін танытқаны үшін мақтаңыздар;

-б алаларды «101», «112» ТЖ қызметін шақыруды, телефонда теруді үйретіңіз; Үлкендер балаларға тұрақты қарап отыруы қажет, аз уақыт болса да оларды жалғыз қалдырмауға тырысыңыздар. Егер балаларыңыз өрт қауіпсіздік ережелерін сақтасын десеңіз, алдымен өздеріңіз оны сақтаңыздар.

КТИ курсанты, кәсіби тәжірибеден өтуші А.Ниязов

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *