Көлікті айдап қашқан күдікті ұсталды

Осы жылдың 1 қазан күні басқармаға көлік айдап кету фактісі тіркелді, — деп хабарлайды Орал қаласының полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Тапа- тал түсте белгісіз тұлға №51 ЖББОМ қасында тұрған қара түсті «Хюндай Акцент» маркалы автокөлікті белгісіз бағытқа айдап кеткен. Осы аймақтағы кішігірім шаруаларын аяқтап, қайта оралған 1974 жылы туған азаматша мектеп қасына жеткенде көлігінің жоқтығына таң қалады. Азаматша лезде полицияға телефон соғып, хабар берген. Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылып, дереу іздеуге кірісті. «Хюндай» руліне отырған жігіт көлікті қатты жылдамдықпен айдап, бір шақырым ұзаған кезде рульге ие бола алмай, өзге көлікке түйіскен. Сол екпінімен жол жиегіне түсіп, аударылған. Күдікті көліктен шығып, ізін
жасырған. Шаған Пб КПб жедел уәкілдері оқиға орын алған күні көлікті іздеп тапқан. Ал күдіктіні екі күннен соң ұстап, Шаған Пб-іне жеткізді. Күдікті 1996 жылы туған Ақжайық ауданының тұрғыны Б.есімді азамат қылмысын мойындады. Сонымен қатар, салон ішінен ақша ұрлаған. Ол қылмыстарын толықтай мойындады. Шаған Пб күдіктіге көлікті айдап кету және ұрлық фактісімен 2 эпизодты қылмыстық іс қозғады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *