Алаштың анасы Жамал анамыздың шарапаты

Ақжайық төрінде, Орал орталық мешітінде атымтай ана, жақсылыққа жаны құмар Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал апамыздың  рухына бағышталған  республикалық қайырымдылық шара болып өтті.

Алла ризашылығы үшін   жуырда дүние салған анасын еске алу рәсімдерінің орнына мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасауға ниет еткен  Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал анамыздың ұрпақтарының анасының  қырқына арналған қайырымдылық шарасы облыстық орталық «Орал» орталық мешітінде басталды.  Алдымен орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы қасиетті құран аятын оқып,  бас имам Мұратбек қажы Қыстаубаев Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал анамызға дұға жасалды. Анамыздың өмірбаянына тоқталып, игілікті жолын жиналғандарға кеңінен жеткізді.

 Шараның маңыздылығы жайында ҚМДБ-ның БҚО бойынша  бас имамы Мұратбек қажы Мұхтарханұлы  облыстық «Ақжайық» телеарнасының БАҚ өкілдеріне түсіндіріп сұхбат берді. Жалғызбасты аналар мен отбасы жағдайы төмен жандарға, мұқтаж отбасыларға 300 қоржынға салынған азық-түлік берілді.

Сонымен қатар бұл шара  облыс, қала, аудан мешіттерінде  өз жалғасын табады.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *