Монша жағамын деп, денесін күйік шалды

2020 жылдың  29 тамызында облыстық балалар ауруханасына денесінің аумағын түрлі дәрежеде 20-30% термиялық күйік шалған 2008 жылы туған жасөспірім түскен.

Күйік алуға негіз болған жағдайларды анықтау барысында, бұл күйіктер моншаның пешін жағу кезінде алынғаны белгілі болды. Баланың ата-анасы жұмыста болған кезде, ол өздігінен моншаның пешін жағуға кіріскен. Пешті жағу барысында тез жанғыш сұйықтықты пайдаланған, өз кезегінде баланың денесін от шарпып, термиялық күйік алуына әкеліп соққан.   

Ересектер балалар мен жасөспірімдерге пештегі жанып жатырған отты немесе газ плиталарын, тоққа қосулы тұрған электр және жылыту құрылғыларын қадағалауды тапсыру арқылы үлкен қателік жібереді.

Балалардың тәртібі мен әрекеттеріне ең бірінші олардың ата-аналары жауапты.    Олар өз балаларына саналы түрде отпен абай болуды ерте жастан бастап үйретуі қажет.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес (2019 жылғы 13 желттоқсандағы №921 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы)

пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

— от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

— жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;

— қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

— көмірге, коксқа және газға арналмаған пештерді осы отын түрлерімен жағуға;

— үй-жайларда жиналыстар мен басқа да көпшілік іс-шаралар өткізу уақытында пештерді жағуға;

— пештерді шамадан тыс қыздыруға;

— жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киімді, киімді, ағашты) пештер мен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;

— ысырмаларды (жаппаларды) жобалау нормаларында көзделген ойықтарсыз қолдануға;

— желдету және газ арналарын түтіндіктер ретінде қолдануға;

— ақаулары, сызаттары мен саңылаулары бар пештерді жағуға жол берілмейді.

         Өрт қауіпсіздігіне байланысты барлық сұрақтар бойынша 101, 112 телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Теректі аудандық ТЖБ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *