Шебер шахматшылар анықталды

Оралдағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1-2 ақпан күндері шахматтан қалалық ашық чемпионаттың І кезеңі өтті.

Жарысқа ақыл-ойды қажет ететін спорт түрін жете меңгерген жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты. Жарыс швейцарлық жүйе бойынша 6-9 жас және 10-14 жастағы ұлдар мен қыздар арасында өткізілді. Оған жүзге жуық шахматшы қатысып, чемпионаттың 1 кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

6-9 жас ұлдар: 1-орын – Молбай Төрехан, 2-орын – Даумшар Алигер, 3- орын        – Идгеев Карим.

6-9 жас қыздар: І орын         – Ауезова Гаухар, ІІ орын – Адлханова Балжан, ІІІ орын         – Кабулова Үмітжан.

10-14 жас ұлдар: 1-орын – Данилов Дмитрий, 2-орын – Нутфуллин Шарифулла, 3-орын – Мурат Дамир.

10-14 жас қыздар: І орын Турсынова Айша, ІІ орын Успанова Аруана, ІІІ орын Митрясова Ульяна.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *