Оралда «Кедергісіз болашақ» жобасы жүйелі жұмыс атқаруда

Кез-келген қоғамда азаматтардың ең қорғалмаған санаттарының бірі – мүгедектер. Дәл осы адамдардың әлеуметтік жағдайы көбінесе мемлекетке тәуелді болады. Осы мақсатта «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі өткен жылдың қараша айынан бастап Орал қаласының аумағында «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясының қолдауымен «Кедергісіз болашақ» жобасын жүзеге асыра бастады.

 Қоғамда олардың толыққанды өмірі мен тіршілігі үшін қолайлы жағдай туғызу қажет. Мүгедектер мен тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы үшін ең алдымен нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды.

Адамдардың барлық тізімделген санаттарының физикалық мүмкіндіктері шектеулі және сол себептен мемлекет оларға түрлі инфрақұрылымдардағы нысандар мен қызметтердің қолжетімділігіне кепілдік беретін арнайы заңдар мен шаралар қабылдайды.

Кез-келген адам сияқты олардың әрбіреуі тіпті мүгедектер арбасында болса да кез-келген ұйымға кедергісіз кіре алатынына сенуге құқылы. Алайда біз өмірде көріп жүрген шындық өзгеше, тіпті біздің мүгедектер үшін бейімделген ұйымдардың өзінде де заң бұзушылықтар бар.

Тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы үшін нысандардың қолжетімділігіне облыс орталығындағы әлеуметтік инфрақұрылымға мониторинг жүргізіп, қолжетімділік бойынша ең қолайсыз нысандардың тізілімін қалыптастырдық – деді «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлбаршын Мұштанова.

Мониторинг нәтижесі бойынша тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы үшін талаптарға толық немесе ішінара сәйкес келмейтін қолжетімділік бойынша ең қолайсыз 17 нысан анықталды. 2019 жылдың желтоқсанында жобаға қатысушы ретінде «Батыс Қазақстан облыстық ерікті мүгедектер қоғамы», «Арба» қимыл-тірек аппараттары қызметінде бұзылулары бар мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы», «Жеңіс» БҚО мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі, сонымен қатар  Батыс Қазақстан облысының тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сияқты мемлекеттік органдар тартылды. Біздің арамызда жүзеге асырылатын жоба аясында көмек көрсету жөніндегі меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта бірлестік заңгері Дүйсен Дәулетбаев тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы үшін ғимараттардың қолжетімділігіне қатысты сәйкессіздіктер мен бұзылулар анықталған нысандардың иелеріне талап хат жолдады.

Заңгердің айтуынша, кез-келген азамат немесе ұйым мүгедектер мен тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі мәселесі бойынша барлық қажетті ақпаратты алуына болады.

Ақпараттандыру 8777-649-07-15 ұялы телефоны бойынша және Д.Нұрпейісова көшесі 15/1мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Заманауи қала кеңістігінде өз бетімен қозғалуға мүмкіндіктің болмауы, әлеуметтік маңызы бар ұйымдардың (мектептер, ауруханалар, мәдени ұйымдар) мүгедектердің баруына дайын болмауы мүгедек адамдардың, жалпы тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобының өмірін едәуір қиындатады. Алайда олар қоғам өмірінің барлық салаларына қатысуға заңды құқыққа ие. Бұл үшін мүгедектерге басқалармен тең физикалық қоршаған ортаға, көлікке, ақпарат пен байланысқа, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғанда, сонымен қатар қалалық және ауылдық аудандарда тұрғындар үшін ашық немесе ұсынылатын басқа да нысандар мен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.

Қоршаған орта қолжетімді болуы қажет және нысан туралы идеяның пайда болу сәтінен жобалануы қажет және нысандар мен қызметтерге тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобының қолжетімділігін және сонымен бірге олардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуі керек. Ал іс жүзінде тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы үшін нысандардың көпшілігі қолжетімсіз болып шығады. Пандус пен жедел сатының болуы нысанды қолжетімді жасамайды. Қолжетімділік – бұл адам үшін үйінен белгілі нысанға дейін және кері кедергісіз, өз бетімен жету мүмкіндігі. Орта мен қоғамның міндеті –осыған мұқтаж адамдарға: кәрі адамдарға, олардың ішінде көзі нашар көретіндері көп, балалар мен ата – аналарға, арбадағы және арбаны алып жүрген адамдарға, түрлі типтегі бұзылулары бар адамдарға көмек көрсету.

Қазақстан  Республикасының сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің БҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бастығы Эльмира Киматованың мәліметінше, 2017 жылы «Арба» қимыл-тірек аппараттары қызметінде бұзылулары бар мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінен арбадағы мүгедектер үшін қолжетімсіз нысандар көрсетілген арыз түскен. Осы бойынша мемлекеттік ұйым сотқа талап жолдады. 2018 жылы Н.Бисалиевадан мүгедектер арбасындағы баласының құқықтарын бұзған нан дүңгіршегіндегі сатушыға шағым жазған арыз түсті. 2019 жылы Ақсай қаласының тұрғынынан өзге шағымдардан басқа, нысандардың қолжетімсіздігі туралы сұрақ қойған арыз түсті. Бірінші арыз бойынша біз ҚР «Тұтынушының құқығын қорғау туралы» Заңның 5-бабының 10 тармағының тәртібімен сотқа талап ұсына алып, өйткені арыз қоғамдық бірлестіктен түскен болатын. Бірақ екінші және үшінші жағдайларда біз сотқа талап ұсына алмағандықтан, олардың арыздарын тиісті уәкілетті ұйымға жолдап және жеке тәртіппен кәсіпкерлік субъектісіне талаппен жүгінуге құқылы екені, ал одан соң нысанның қолжетімсіздігі мәселесі бойынша талаппен жүгінуге құқылы екені туралы түсіндірме ұсынған.

Осы жағдайда ғана мемлекеттік ұйым осындай тұтынушыға ықпал етіп, көмек көрсетеді. Өткен жылдың соңында мемлекеттік ұйым заңды талаптарға сәйкес тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобының құқығын қорғауға мүмкіндік алу үшін «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігімен серіктестік туралы меморандум жасадық,- деді.

 Эльмира Киматова атап өткендей бірнеше жылдың ішінде адамдардың осы санаты заңдық деңгейде қорғалуына қарамастан, нысандардың қолжетімділігі туралы аталған мәселе жөнді шешілмей келеді, сонымен бірге бұл мәселе әлі де өзекті.

Біз «Арба» қоғамдық бірлестігінің талабы бойынша сотқа дайындалу кезінде жетекшісі Гүлмира Батпакуловамен нысандарды араладық. Жол-жөнекей түстеніп алғымыз келген, өкінішке орай бірде-бір нысанға кіре алмадық. Егер пандус болса, мүгедектер арбасы есікке сыймайды, егер ішке кіріп алсақ, залға көтеріле алмаймыз және т.б.» – дейді Э.Киматова.

Бұл тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы үшін ортаның қолжетімділігі әлі де үлкен мәселе болып отырғанын көрсетеді және осы мәселелерді шешу қажет.

Осы кезде тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы үшін қолжетімділік бойынша заңнаманың нормаларын барлық кезде сақтамастан нысандар салынып жатыр. Қайта жоспарлауды жүзеге асыру мүмкін емес ескі ғимараттар туралы сөз қозғамаймыз, ортаның қолжетімділігі туралы заңнама нормалары сақталмайтын жаңа құрылыстар салынуда. Қоғам бұл жағдайды көрсетуі және мемлекеттік ұйымдардың көмегімен мәселелерді шешуі қажет.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *