Улы газдан сақтаныңыз!

Жылыту маусымының басталысымен тұрғындардың қатты отынды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себебінен улану немесе өрт шығу төтенше жағдайлары орын алады.  

Тұрғындарға әр түрлі отынмен жылыту жүйесін  пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салу үшін және улы газдан қаза болуды болдырмау мақсатында Бөрлі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Ақсай индустриялық паркі компаниясы бірлесе қатты отынмен жылтылатын тұрғын үйлерге улы газды анықтағыш автономды құрылғы қойып жатыр. Қазіргі уақытқа дейін ауданның ауыл елді мекендеріндегі 30 тұрғын үйге құрылғы қоңдырылып, оның пайдаланылуы халыққа түсіндірілді.

Улы газ түсі мен иісінің жоқтығынан аса қауіпті. Уланудың симптомдарын анықтау қиын. Бір ғимаратта болған барлық адамдарда бірдей симптомдардың пайда болуы улы газбен улану уақытын белгілеуге мүмкіндік береді.

Көміртегі тотығының болар-болмас шоғырлануы кезінде уланудың алғашқы белгілерінің байқалуы мүмкін: жас ағу, бас ауру және бас айналу, әлсіздік және жүрек айну, құрғақ жөтел, көру және есту елестерінің болуы. Улану симптомдарын сезгеннен кейін үйден жедел сыртқа шығу керек.

Улы газбен улану, газ шығару жүйесінің ақауы бар автомобильде ұзақ уақыт болған кезде де болуы мүмкін.

Зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жеткізу керек. Кейін стационарда аппаратпен жасанды  тыныс алу өткізіледі, ағзаның зардап шеккен жүйелерінің тіршілік әрекетін қалпына келтіретін құралдар қолданылады. Дәрігер келгенше науқасты таза ауаға шығарып бақылауда ұстау қажет.

«Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, егер Сіз газдың өткір иісін сезссеңіз, шүмекті (кранын) жауып, үйді желдетіңіз, «104» номеріне қоңырау шалып апат қызметін шақырыңыз. Ешқандай  жағдайда от жақпаңыз, ешбір электр құралдарын қоспаңыз. Есте сақтаңыз, газ шыққан жерде газды тек сабын көбігі арқылы анықтауға болады.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *