Дәрігерлер міндетті медициналық сақтандыру бойынша тест тапсырады

Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер нормативтік-құқықтық актілерін білу деңгейін тәуелсіз бағалауға қатысты тест тапсырады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі, -деп хабарлайды baq.kz.

Хабарламада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4-17 желтоқсан аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ жүйесінде онлайн режимде практикалық денсаулық сақтау мамандары (дәрігерлер мен орта медицинлық қызметкерлер) үшін нормативтік-құқықтық актілерін білу туралы тәуелсіз бағалауды ұйымдастыратын болады.

Тестілеуге қатысу үшін практикалық денсаулық сақтау мамандары алдын ала тіркеуден өтуі және ақпараттық бағалау жүйесіне өтінім беруі қажет, содан кейін бір жұмыс күні ішінде өңделуін күтеді.

Тестілеу тәулігіне 24 сағат онлайн режимде қолжетімді. Тестілеуден интернет желісіне қосылған кез келген құрылғыдан өтуге болады. Тестілеу уақыты 30 минутты құрайды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *